Под столичным мостом появилось новое арт-пространство

Елордада көпір астында жаңа арт-кеңістік пайда болды

Көпір аумағы қала тұрғындары үшін көрікті орындардың біріне айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Арқар көпірінің астындағы алаң Нұр-Сұлтанның тұрғындары мен қонақтары үшін көрікті орынның біріне айналды. Онда жаңа арт-инсталляциялар, гүлзарлар, жаяу жүргіншілер, велосипед жолдары және баскетбол алаңдары салынды. 

Бұл қоғамдық орындарды жаңғыртудың тағы бір үлгісі, деп жазды өзінің Instagram парақшасында Урбанистика орталығының жетекшісі Елнар Базыкен.

«Бұрын көпір құрылысы Триатлон мен Президент саябағын бір-бірінен бөліп тұрғандай көрінетін. 

Қазір жаңа кеңістік қалалық қауымдастықтарды біріктірді», – деді Е.Базыкен.

Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

.

«Бұл жердің шағын бизнес үшін әлеуеті жоғары екенін атап өткен жөн. Екі саябақтың жаяу жүргінші мен велосипед жолы бар жалғыз байланысы екенін ескерсек, бұл орын қоғамдық тамақтану орындарына тамаша жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, әлеуметтік белсенділікті арттырады», – деді Е.Базыкен.

Қазіргі уақытта орынды ретке келтіру жалғасуда. Жаңа нысандар бос қалған аумаққа барған сайын көбірек адамдарды тартады.

Сондай-ақ мұнда әткеншек-орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және екі стритбол алаңы пайда болды.

Осы жылы барлығы 50 қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады.

Аулалар мен қоғамдық орындар «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарының тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz