Нұр-Сұлтанда екі жаңа мурал пайда болды

Нұр-Сұлтанда екі жаңа мурал пайда болды 

Нұр-Сұлтанда аулалар мен қоғамдық орындарды (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандыру белсенді жүргізілуде.

Есіл ауданында осы жазда жаңадан екі мурал пайда болды.

Олардың бірі «Мәңгілік Ел» деректі фильмінің бөлігі ретінде ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан

Онда бүкіл Қазақстанның картасы әшекей түрінде бейнеленген

Монументалды туындының ауданы – 600 шаршы метр.

«Космическая среда» деп аталатын тағы бір керемет сурет дөңгелек алаңның көпір бөлігінде орналасқан. Ауданы мың шаршы метр.

Онда ғарыш тақырыбы кеңістікпен ерекше үндестік тапқан. 

Көпірдің астынан өтіп, аспан денелерін, жұлдыздар мен жұмбақ планеталарды көруге болады.

Прожекторлар ұяшықтарға шахмат тәртібімен тақтайша үлгісінде орнатылып, аймаққа түнде ерекше жайлылық сыйлайды.

Жарық көпірдің жалпы жарығымен бірге таймермен қосылады (22:00 сағ.).

Мұндай көркемдік шешім «Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала» атты елорданы одан әрі дамыту жоспарының тұжырымдамасына сәкес келеді. Бұған дейін Алматы ауданында триатлон мен Президент саябағын байланыстыратын жаңа арт-кеңістік ашылған болатын. Қазіргі уақытта орынды ретке келтіру жалғасуда. Мұнда әткеншекті орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және стритбол алаңдары пайда болды.

Осы жылы барлығы 50 қоғамдық орындар (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz