Сарыарқа ауданында жарық маңдайшасын пайдалануға қатысты 118 бұзушылық анықталды

Аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп бөлімінің мамандары күн сайын кешкі уақытта жарық иллюминациялық маңдайшаларды пайдалануға қатысты бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Астана әкімдігі ресми сайтының тілшісі осындай шараның біріне қатысты. 


Кез келген кәсіпорынның жарық маңдайшасы оның ішінде не барын, сонымен бірге әлеуетті клиенттердің назарын тартуға бағытталған. Бірақ барлық бизнесмендер тәуліктің қараңғы кезіндегі маңдайшаны қарай бермейді.


Осы аптаның өзінде жарық иллюминациясын пайдаланудың 14 бұзушылығы анықталды, оның 6-уы түзетілді.


Бір күннің ішінде Сарыарқа ауданында мониторинг нәтижесінде 7 бұзушылық анықталды.


 «Біз күн сайын жарық иллюминациясының техникалық ақауын анықтау үшін визуалды тексеру жүргіземіз. Кейде кәсіпорын объектісінің маңдайшасындағы кейбір әріптері жанбай тұратын да жағдайлар кездеседі. Ол жарнама тақтайшасы, кешен, жарық иллюминациясы болуы да мүмкін


Біз бірінші кезекте кәсіпкерге ретке келтіру туралы ескерту жасаймыз. Ары қарай архитектура, қала құрылысы және  жер қатынастары басқармасына хат жолдап, шара қабылдауын сұраймыз», - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Азамат Машенов. 




Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz