Кто создает пробки в снегоуборке?

Астана коммуналшылары жұмыстың тәулік бойғы режиміне ауысты. Астана әкімдігі ресми сайтының тілшісі, елорданың аудандарында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын өз көзімен көріп қайтты.


Жолдарда таңертеңгі және күндізгі уақытта трафикке кедергі келтірмес үшін, «Астана Тазалық» ЖШС жұмыстың ерекше кестесіне ауысты. Көшелерде таңғы және күндізгі уақытта жол бетін қардан грейдерлер тазартады. Жаяу жүргіншілер аймағын коммуналшылар бригадасы жинайды. Кешкі және түнгі уақыттарда оларды жүк артқыштар, КамАЗдар мен басқа да көліктер ауыстырады.  


Алматы ауданында өткен тәулікте жолда 9 өздігінен жинайтын жүк артқыш, 4 грейдер, 88 жүк көлігі жұмыс істеді. Олар Тәуелсіздік, Мұңайтпасов даңғылын, «Евразия» сауда орталығының маңын, Сәтбаев, Абылайхан, Жұмабаев, Петров көшелерін тазалап шықты.


«Көшелерді жинаудың сапасы тек қана коммуналдық жұмысшыларға ғана қатысты емес. Аудан тұрғындары түн мезгілінде қар тазалау жұмыстары жүретінін біледі. Өкінішке қарай, көптеген автокөлік иелері түнде көліктерін тұраққа дұрыс орналастырмай кетеді, тура қар тазалау кезінде жол бойына көлігін аз уақытқа болса да қалдырып кете салады. Ал таксистер жолаушыны дәл қар жинап жатқан жерге түсіріп кетуі мүмкін. Құрметті автокөлік иелері, коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарасаңыздар. Олардың жұмысына және жол жұмысшыларының еңбегіне деген құрмет біздің қаланың тазалығына байланысты», - деді Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тлеуов.

Есіл ауданында қызу жұмыс жүріп жатыр. Аудан аумағы үш учаскеге бөлінген: «Шығыс Ильинка», «Үркер», «Қараөткел», «Комсомольский», «Шұбар», «Газмашаппаратура», «Пригородный», «Заречный», «Тельман». 30 гүлзар мен 5 саябақтағы тазалау жұмыстарын 3 мердігер ұйым жүзеге асыруда. Қысқы уақытта бір ауысымда 721 жол жұмысшысы, мамандандырылған техниканың 33 бірлігі жұмылдырылды. Көшелердің жалпы ұзындығы 230 км құрайды.


Бұдан кейін біз Сарыарқа ауданына барып, ауданның ішкі орамындағы тазалау жұмыстарының үстіне түстік. Түнгі уақытта кішігірім, ыңғайлы жүк артқыштар жұмыс істеп жатыр. Оларға әрбір шаршы жердің тазалығына жауап беретін мердігер компаниялар көмектесуде. Ауладағы көлік қозғалысына «реттеуші» тағайындалған, ол жүк арту барысында автокөлік иелерінің қарды артуға кедергі келтірмеуін қадағалайды. 


«Біздің климат түсініксіз. Қашан және қанша қар жауатынын білмейсің. Аудан тұрғындары мен автокөлік иелері, сіздерге өтініш жолдаймын: егер сіз кіреберістің айналасын өзіңіз тазалайтын болсаңыз немесе автокөліктеріңізді қалдырсаңыз, есіңізде барлық талаптарды дұрыс орындауды ұмытпаңыз. Көлік тиісті жерге қойылмғандықтан қар тазалаушы көліктер қарды сапалы етіп жинай алмайды. Керісінше жолдарда тазалау жұмыстарына кедергі келтіріп, коммуналшылардың жұмысын баяулатасыз. Адамдардың жұмысын бағалап, құрмет танытсаңыз. Біздің көшелеріміздің тазалығы осыған байланысты», - деді Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Ришат Тұрдыбеков.  


Өткен тәулікте Байқоңыр ауданында қарды тазарту жұмыстарына 11 сыпыру-жинау көлігі, 6 құм семкіш, 5 грейдер, 12 қар тиегіш, 5 фронталды жүк тиегіш және 41 жүк аударғыш машина шықты.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz