Әйелдердің көз жасы төгілген лагерь

«АЛЖИР» немесе оны ресми түрде «КарЛАГ-тың 26-шы нүктесі» деп атайды. Осы бір ғана сөзден денең мұздап сала береді. Қаншама сот болып  «айыпты» деп үкім шығарылып, тағдырлар жапа шекті, қаншама осында жазықсыз әйелдер азапталды. Қазір лагерьдің орнында музей бар, ұрпақтары жақындары туралы өздерінің естеліктерін қалдырған. Толығырақ Астана әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыздар.


Репрессия – СССР кезіндегі ең сұмдық кезеңдер болды. Әйелдерді азаптады, ауыр еңбек жұмысын жасауға мәжбүрледі, барактар салғызды, олар дұрыстап тамақ та ішпеді, ал АЛЖИР қабырғасында дүниеге келген балалар күтім мен қамқорлықтан қағылды. Мұнда танымал әйелдер жазасын өтеген, Азиза Рысқұлова мен оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жургенева, Рабиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова; атылған маршал Тухачевскийдің отбасының әйелдері, жазушы Борис Пильняктың әйелі Кира Андроникашвили, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның аналары, дыбыссыз киноның актрисасы Лидия Френкель және басқалары.


Лидия Френкель – дыбыссыз фильмнің актрисасы, лагерьде 5 жылын өткізген, 1938 жылы оның күйеуі Александр Френкель атылды. Оның өткенге деген сағынышы мен мәңгілікке шытынап сынған өмірі, ресейлік «Московская сага» фильмінің эпизодында айқын көрсетілген. Продюсері оның немересі Дарья Виолина. Әжесі туралы ол «Біз өмір сүреміз», «Московская сага», «Тяжелый песок» сынды фильмдер түсіріп, АЛЖИР музейінің қорына тапсырған.

«Лидия Михайловна дыбыссыз фильмнің актрисасы болған, Chanel № 5 иіссуын жақсы көрген және үнемі соны пайдаланған. Оның пальтосына дейін әтірдің хош иісі сіңіп қалған. Ол алғаш рет баракқа кіріп келген кезде қамаудағылардың бәрі де оның үстіндегі иісіне тамсанып, өткен шақтағы бақытты өмірлерін еске алды. Музейдің экспозициясында «Голубой ларец» иіссуы қойылған. Сыртқы қорабы көгілдір түсті, өрнекпен көмкерілген. Қорабында Қызыл алаңның суреті бейнеленген. АЛЖИРде ол барак салуға көмектескен. Ол кейін лагерьдегі қасіретті өмірдің қиындығына қарамастан әйел болып қала білгенін еске алады», - деді экскурсиялық-көрме бөлімінің қызметкері Елена Самаркова. 


Ақмола облысы, Акмол ауылында орналасқан музейдің тарихы жыл өткен сайын лагерь тұтқындарына тиесілі заттармен толығуда. Айталық, экспозицияда 1938-1946 жылдары Валентина Шевченко құрастырған лагерьдің жоспары пайда болды.

Ол анасы Мариям Анцистің естелігі бойынша ұрпақтары 100-ден астам ерекше тарихи түсірілген суреттер мен тұтқындардың жеке заттарын осында табыстады.  Бірегей заттардың ішінен кестеленген альбомның түпнұсқасы бірден көзге түседі. Оны 1946 жылы Мариам Анцис құрастырған, Лидия Френкельге тиесілі иіссу, төрт айлық қызы Майяны ораған Янина Германовичтің мамық көрпесі, 30-40-шы жылдардағы май піскіш. 


Экспонаттардың шынайылығы таң қалдыра түседі. Екінші қабатта орналасқан «Оковы» инсталляциясына жылаған балалар, әйелдердің айқайы, иттердің үргені және жаңадан вагоннан келіп түскен тұтқындардың құрамының дыбысы қосылған. Ал темір тордағы әйелдің аспалы бесікте баласын тербетіп жатқан сәтіне, бесіктегі баланың жылаған дауысын қосып қойған.    

Дыбысқа еріп жоғарыға көтерілсең және жанында тұрсаң сол жылдардың ызғары мен сұмдығы көз алдыңа келіп тұрғандай. Келушілер бір сәт сол кезеңдердегі әйелдерді азаптап, ауыр жұмыс жасауға мәжбүрлегенін сезінеді. Ал тұтқындардың балаларын 3 жасқа жеткен кезде алып қойып, балалар үйіне және басқа отбасыларға тәрбиелеуге беріп жіберген кездегі азабын айтпаңыз.


«Залда 3 мультимедиялық сенсорлы панельдегі экран орнатылған, келушілер тұтқындар туралы біле алады. Сондай-ақ автоматты түрде қосылып әрі өшетін дыбыстық сүйемелдеу енгізілген. Жалпы алғанда, тұтқындардың ұрпақтары біздің музейге 5 мың түпнұсқа экспонат тапсырды, ішінде хаттардың түпнұсқасы, киімдер, жеке заттары.

Бұл сол жылдары қандай ауыр болғанын, оларға қаншалықты қиын тигенін түсіну мақсатында жасалуда. Ал музейдің басты мақсаты – сол бір зұлмат жылдардың қайтадан ешуақытта қайталанбауын жеткізу», - деді Астана мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

...АЛЖИРді 1953 жылы жапты. Малиновка аумағында музей ескерткіші мен мұсылман және православ моласының бауырластар зираты сақталған. Онда әйелдер мен олардың балалары жерленген.  


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz