1748

1 мамыр мерекесіне Тәуелсіздік даңғылы жабылады

Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесіне дайындыққа байланысты биылғы жылдың 24 сәуірінен 2 мамырына дейін Тәуелсіздік даңғылы бойында автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.

Қазақстан халқының Бірлігі  күні мерекесіне дайындыққа байланысты биылғы жылдың  24 сәуірінен 2 мамырына дейін Тәуелсіздік даңғылы бойында автокөлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Шоланов мәлім етті. 

Оның айтуынша, басқарма Тәуелсіздік даңғылын, Байтұрсынов көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін жабуды жоспарлап отыр. Осыған байланысты жол полициясы автомобиль иелерін Байтұрсынов, Обаған және Нәжімеденов көшелерімен айналып өтуді ұсынады. 

Сондай-ақ, Б. Шоланов мереке күндері қалалық ЖПБ қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтіндігін жеткізді. 

Еске салайық, қазіргі кезде Астана қаласының әкімдігі қала көшелеріндегі жолдарды, тротуралар мен инженерлік желілерді, су айдау кәріздерін жөндеп, аялдама қалталары мен жол бөліктерін кеңейтуге кірісті.

 Бүгінгі күні қалада - Есенберлин к-сі – Жеңіс даңғылынан  Бейбітшілік көшесіне дейін;

  - Москва к-сі - Әуезов к-сінен Бейбітшілік к-сіне және Бейбітшілік к-сінен Желтоқсан к-сіне дейін;

 - Жангелдин к-сі - Жеңіс даңғылынан  Бейбітшілік көшесіне дейін жабылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жөнделіп жатқан көшелерде жол полициясының  қосымша бекеттері қызмет етеді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109