Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

274

ТЖД негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертеді

Жылыту маусымы басталысымен, тұрғын үйлер мен пәтерлерде тұрмыстық өрттер саны арта түсетіні белгілі. Тұрғындардың өрт қауіпсіздік қағидаларын дөрекі түрде бұзуы, электр желісіне шамадан тыс жүктеме беру және де азматтардың немқұрайлығы өрт шығуының басты себебі болып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көп жағдайда пештері жөнделмеген, электрсымдары ұзақ уақыт бойы ауыстырылмаған ескі үйлерден өрт шығады. Сол себепті де қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындай отырып, өрттін алдын алғанымыз дұрыс екенін тағы да еске салғанды жөн көреміз.

Бүгінгі таңда тұрмыстық өрттердің алдын алудың тиімді әдістерінің бірі - халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Осыған байланысты «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында «Байқоңыр» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан  жатақханаларды аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылау мақсатында профилактикалық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Жалдамалы баспаналардың  иелеріне және пәтер жалдаушыларға  өрт қауіпсіздігін сақтау жайлы жадынамалар берілді.

Жалпы аудан аумағында осы санаттағы 217 нысан тіркелген, олардың 210-на профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. 

«Өз үйім – берік қамалым» деген нақыл сөз бар. Демек, өз үйінде болғанда, әрбір адам өзін қауіпсіз сезінуі керек. Алайда өзіңнің толық қауіпсіздікте екендігіңді сезіну үшін, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің келесі негізгі талаптарын, атап айтсақ:

- Үнемі пештердің және тұрбалардың жағдайын қадағалап, ақаулықтарын жойып отыру. Жылыту маусымы басталған кезде кем дегенде 2 айда бір рет пеш құдықтары мен тұрбаларды күлдеу керек;

- Пешті қызып кетуден сақтау және жиһаздарды, басқа да жанғыш заттарды пешке жақын қоймауды;

- Газбен жабдықталған пештерді қолданғанда, нұсқаулықпен танысып оны қатаң сақтауды;

- Жанып тұрған пештерді, плиталарды, примустар мен керогаздарды, тоққа қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмауды және оларды қадағалауды балаларға жүктемеу;

- Электрсымдарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалауды және жарамсыз, бойында ақауы бар сымдарды дер кезінде ауыстырып отыруды;

- Қолдан жасалған сақтандырғышты қолданбау, тек фабрикалық сақтандырғышты қолдануды;

- Электр құралдарын (плиталар, үтіктер және шәйнектер) жанбайтын  қойғышта орнатуды;

- Шатырда және жертөлелерде, қоймалар мен сарайларда темекі шегуге, шамдар, майшамдар және басқа да ашық от көзін қолдануға жол бермеу, ол бөлмелерді жарықтандыру үшін электрфонарларды қолдануды;

- Шатырдың астын және жертөлелерді жанғыш заттармен, қоқыспен толтырмауды;

- Аула аумағын үнемі таза ұстауды қатаң ескеру қажет.

Абай болыңыздар, Өзіңізді және қоршаған ортаны сақтаңыздар!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109