Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

1346

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының сауда объектілеріне QR-код енгізілді

«1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының ерікті және заңды кәсіпкерлерінің сауда объектілеріне QR-код енгізілді. Енді кез келген қала тұрғыны мобильді телефон арқылы немесе планшетпен бизнесменнің жұмысы заңсыз ба, жоқ па біле алады, ал тексеруші органдар заңсыз кәсіпкерді жылдам анықтайды.

QR-код – жылдам әрекет ететін, объектіге бекітілген ақпарат жиынтығы туралы код. Әрбір QR-кодта «Astana» ӘКК база мәліметтеріне бекітілген персоналды павильонның парақшасына жасалған сілтемесі кодталған. QR-код арнайы NFC-белгісімен көшіріп басылудан сақталған.

Мобильді құрылғы арқылы жалға алушы туралы ақпаратты көруге болады (заңды тұлғаның атауы/ИП), яғни жалға алу келісімшартының номері, жер учаскенің негізгі мақсаты, алаң, жер учаскесінің инвентарлық номері, картадағы жер учаскесінің дұрыс орналасқан жері. Сондай-ақ кәсіпкердің жауапкершілігін, аталмыш учаскедегі іске асырып отырған қызметін, кодтағы ақпараттармен нақты мәліметтерді салыстыруға болады.

Оны қолданудың жолдары өте қарапайым:

  1. Мобильді телефонды камерасымен алыңыз,
  2. Кодты сканерлеу үшін бағдарламаны босатыңыз,
  3. Объективтің камерасын кодқа жақындатыңыз,
  4. Ақпаратты алыңыз.

Аталған объектіде кәсіпкер жіберген қандай да бір бұзушылықты байқасаңыз, кез келген тексеруші немесе қала тұрғыны Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы «Astana» ӘКК және кәсіпкерге шағым түсіре алады.

Кәсіпкерлер Smart Astana http://new.smart.astana.kz/ru/trade-object/ порталы арқылы жапсырмасы құртылған жағдайда немесе ақпаратқа өзгеріс енгізерде QR-кодты қайта босату туралы онлайн-өтініш бере алады.

Аталмыш цифрлық технологияны қолдану астанадағы сауданың ретсіздігін төмендетуге көмектеседі. Бұдан басқа, жаңа технологияны енгізу сауда орындарын бөлудегі процесті барынша ашық ете түседі.

«Цифрлық технологияны енгізу арқылы біз «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының шеңберінде сауда орындарын бөлудегі процесті барынша ашық етуге ниеттеніп отырмыз. Бүгін біз QR- код жобасын босаттық, бұл бірінші кезекте заңсыз саудагерлерді анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасының конкурсына қатысу үшін қажетті барлық құжатты онлайн-режимде беруге болады. Келесі аукционды біз блокчейн жүйесінде өткізуде жоспарлап отырмыз», - деді «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Аталмыш технология Қазақстанда банк саласында, білім саласында, жекеменшік бизнесте, саудада қолданылады. Мысалы, тұтынушылар сатып алуды смартфон арқылы QR-кодты сканерлеу жолымен төлеуіне болады, ал коммерсанттар қымбат тұратын POS-терминалдарды пайдаланбай-ақ ақысыз төлем жасай алады, бұл процесті барынша арзандатады.

Естеріңізге сала кетейік, жоба шеңберінде келесідегідей көше саудасы және қызмет көрсетудің негізгі түрлері іске асырылуда: көкөніс, жеміс-жидек сатылымы, дайын өнімдердің сатылымы (сусын, балмұздақ, фастфуд), тағам өнімдерін сату; нан-бөлке, сүт, шұжық өнімдері), гүл сату, газет сату, кәдесый өнімдері, балалар әлемі, техникалық сервис қызметі, тұрмыстық қызмет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109