Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

622

Астананың мәдени-тарихи ескерткіштері ақпараттық технологиялар тілінде сөйлейді

Астананың 45 ескерткішінде және тарихи-мәдени нысанында алты тілде ақпарат жинақтаған QR-коды бар тақтайшалар орнатылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қысқаша, танымдық, қолжетімді түрде. Енді қала тұрғындары мен қонақтары аса бір қиналмастан ескерткіш немесе тарихи ғимарат туралы ақпаратты біле алады. Осы жазда Астананың 45 ескерткішінде және тарихи-мәдени объектісінде алты тілде ақпарат жинақтаған QR-коды бар тақтайшалар орнатылды. Көз алдыңызда тұрған ғимарат немесе ескерткіш жайлы ақпарат білгіңіз келсе штрих кодка телефоныңызды тақасаңыз болғаны. Бастысы, сіздің ұялы құрылғыңызда QR-код оқитын сканер немесе арнайы мобильді бағдарлама жүктелген болуы керек.

«QR-код орнату Астана қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жасалды. Біз тек ескерткіштің немесе ғимараттың қандай құндылығы бары туралы, ғимарат авторы және басқа да қызықты ерекшеліктері туралы қысқаша ақпарат бердік», - дейді Астана қаласы әкімдігінің тарихи мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының директоры Мейрамбай Оралов.

Тегтелген ғимараттар мен құрылыстар арасында – Кеңес одағының батырларына арналған ескерткіш, ұлы жазушыларға және тарихи тұлғаларға, көпестік үйлер, театрлар, монументтер, Жастар театры және басқалар бар. Мысалы, ұялы телефон арқылы «Астана» концерт залы ғимаратындағы QR-кодты оқысаңыз онда ол ғимараттың қай жылы салынғанын, бас сәулетшісі кім екендігін, ең қызықты оқиғалар, ғимарат туралы ақпарат аласыз.

Иван Панфилов ескерткішіндегі QR-кодты оқытсаңыз батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерліктерді туралы баяндайды.  Бұндай QR-коды бар тақтайшалар Астананың 45 ескерткіші мен тарихи-мәдени нысанына орнатылған. Жұмыс жалғаса беретін болады.

«Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғаса береді, себебі қаламызда жыл сайын мәдени-тарихи зор мәнге ие орындар, монументтер, ескерткіштер пайда болуда», - дейді М. Оралов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109