Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

309

Астанада трек велоспортынан халықаралық Silk Way Series Astana жарысы өтті

12-14 қыркүйек аралығында Республикалық «Сарыарқа» велотрегінде трек велоспортынан Silk Way Series Astana жарысы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа Армения, Белоруссия, Венгрия, Гонконг, Қазақстан және Ресей велошабандоздары қатысты. Олардың арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Мамыр Сташ, Әлем чемпионаты және Еуропа чемпионатының жүлдегері Эдгар Степанян бар. Спортшылар төрт бәсеке бойынша медальға таласты: омниум, спринт, скретч және кейрин.

«Silk Way Series Astana» - CL2 деңгейіндегі жарыс. Мұнда велошабандоздарға Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетуге құқық беретін жолдамаға сай ұпайлар беріледі.

Скретч бәсекесінде алтын медальді армениялық Эдгар Степанян жеңіп алды.

Скретчте екінші орынды ресейлік Мамыр Сташ жеңсе, үшінші орын қазақстандық Ғабиден Әзенге бұйырды.

Мамыр Сташ сонымен бірге омниум жарысын жеңді. Омниумда күміс медальді Эдгар Степанян, қоланы Әзен Габиден алды.

Ал жекелей спринттегі медальдардың екі алтыны да жарыс иелеріне бұйырды. Спринтте қазақстандық шабандоз Павел Воржев үздік атанды.

Айта кетейік, Павел Воржев Қытай кубогы жарысында ауыр жарақат алып еді. Спринттегі екінші орынды ресейлік Алексей Носов алса, үшінші орын қазақстандық Сергей Пономаревке бұйырды.

Кейрин сайысында Сергей Пономарев алдына жан салмады.

«Бәсекелестік мықты болып, жарыс тамаша өтті. Келер жылы жарыс дәрежесі тағы бір жоғары сатыға көтеріледі деп ойлаймын. Негізгі мақсатымыз алдағы уақытта өтетін Әлем Кубогына ұпай жинау болатын. Іріктеуге сәл ғана жетпей қалды. Спринтте іріктеуге іліктім, ал енді кейриннен де өттім. Әлем Кубогындағы негізгі мақсатым 2020 жылы өтетін Олимпиадаға ұпай жинау. Барлығы қолымнан келетініне сенімдімін», - деді Сергей Пономарев.

Кейрин сайысы бойыншы Павел Воржев екінші, ресейлік Александр Дубченко үшінші орынды иеленді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109