613

Астанада хакерлердің екі күндік марафоны басталады

13-14 қазан күндері «Market Tech» тақырыбында хакатон өтеді. Қатысушылар сауда және кәсіпкерлік саласында инновациялық шешімдер әзірлейді. Шараны Астана қаласы әкімдігі мен  «Astana Innovations» АҚ бірлесіп өткізуде.

«Кәсіпкерлік - экономиканың ең басты қозғаушы күші. Сол себепті де маңызды сұрақтарға жауап табу өте қажет. Қала әкімдігі кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және қазақстандық бизнесті дамыту үшін барын салды», - деді Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Іс-шара Astana Innovations Challenge аясында өтуде, Астананың стартап-экожүйенің дамытуға бағытталған және мемлекет пен стартап, бизнес қауымдастық арасында өзара түсіністікті дамыту.  Бұл фестиваль жаһандық Techstars Startup Week Qazaqstan стартап-апталығының бір бөлігі болмақ.

Сонымен қатар шарада Kolesa.kz, Krisha.kz, Мarket.kz тағы басқа компаниялардың қатысуы көзделуде.

Хакатон - әзірлеушілердің екі күндік форумы, бағдарламашылар белгілі бір проблемалардың шешімін табуға бірлесіп жұмыс істейді. Мұндай формат компания және инвесторлар тарапынан жаңа технологиялық бағдарламаларды жасау немесе инвестиция құюға тиімді. Осы тектес форматтағы конкурстар 2000 жылдан бастап әлем бойынша өтуде.

Қатысушылар 48 сағат ішінде сауда және кәсіпкерлік саласында инновациялық шешімдер әзірлейді және өзінің жобалары үшін статистикалық мәліметтер ала алады. Байқау аяғында үш жеңімпаз анықталады.

грант рәсімдеуге өтінімдерді беруге қолдау;

жобаны қаржыландыруға дейін сүйемелдеу;

тегін бағалау, инвестиция тартуға жәрдемдесу.

Тіркелу және толық ақпаратты http://astanaic.kz/ ресми сайтынан ала аласыздар.  

Өтетін орын: «Бәйтерек» БО, Мәңгілік Ел, 55

13 қазан сағат 9:30 хакатон басталуы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109