Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

498

Астана ұстаздары Президент Жолдауын талқылады

№ 59 мектеп-лицейде Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозиннің қатысуымен және астаналық білім беру ұйымдарының директорларымен жиын өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күн тәртібінде – Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.

«Жолдауда тұрғын үйге қатысты қолжетімді болу мәселесі көтеріліп, нақты айтылды. Біз үшін бұл мәселе өте өзекті. Мемлекет басшысының «7-20-25» бастамасы бір жағынан мұғалімдерді, мектепке дейінгі саладағы жұмысшыларды, қосымша білім беру және кәсіптік-техникалық саладағы тұрғын үйге мұқтаждарды баспанамен қамтуға, ал бір жағынан астанаға еліміздің басқа өңірлерінен білікті педагогтар тартуға мүмкіндік береді», - деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің орталық филиалының директоры Баян Жұматаевтың мәліметінше, білім беру ұйымдарында 15 мыңнан аса адам жұмыс істейді, оның көпшілігі тұрғын үйге мұқтаж.

Оның айтуынша, мұғалімдер, дәрігерлер мен полицейлерге тұрғын үй алу үшін әлеуметтік көмек ұсыну бойынша кейбір туындайтын мәселелер жаңа тұрғын үй бағдарламасында жоқ.

«Бағдарламаның негізгі мәні мынада, білім, денсаулық немесе ішкі істер департаменті саласының баспанаға мұқтаж қызметкерлері өздерінің төлем қабілетін растайды және баспана алу үшін алғашқы жарна ретінде бір реттік 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй субсидиясы беріледі. Бірақ бұл бір шартпен беріледі, баспана алушы мемлекеттік құрылымда кем дегенде 5-7 жыл жұмыс істеуі керек. Несиелеудің шарты мынадай: алғашқы жарна – 20 %, сыйақы мөлшерлемесі – 7 % және несиенің шекті мөлшері – 20 млн теңге. Алғысы келген пәтер Астанада болуы әрі бастапқы үйлер болуы тиіс және 1 шаршы метрі 230 мың теңгеден аспауы қажет», - деп түсіндірді спикер.

Әкімдік бөлек санатқа жататын азаматтарға әлеуметтік көмек беру үшін соманы анықтайды (қазіргі таңда оның мөлшері  1 млн теңге). Ары қарай әрбір өкілетті орган тиісті салаға сәйкес қатысушыларға іріктеу жүргізіп, олардың мәліметтерін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне төлем қабілетін растау үшін жолдайды.

Өз кезегінде ТҚЖБ төлем қабілетін есептеп шығарып, бекіткен жағдайда әкімдікке әлеуметтік көмекті аудару үшін реквизитті ұсынады. Содан кейін ғана бағдарламаға қатысушы мердігермен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясында сатып алу-сату келісімшартын тіркеуді жүргізеді және ТҚЖБ-не ұсынады. Бұдан соң пәтер іздеп оны мердігермен сатып алу-сату келісімшартын бекітеді. Аяқталған соң әкімдік банк көрсеткен реквизитке ақшаны аударады, содан кейін банк ақша аударылатын мердігерге заем береді.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109