Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

808

Астанада онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 1,5 есеге төмендеген

20 жыл ішінде қалалық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң нәтижесі байқалады. Осы аралықта адамның өмір сүру жасы 12 жылға ұлғайып қазір 76,2 жылды құрап отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Онкология бойынша өткен халықаралық конференцияда Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыров атап өткендей, бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Қала халқының саны 4 есеге өссе де онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 1,5 есеге төмендеген.

«Адамдардың қай жерде тұрам дегенде басты таңдауы өмір сүру қай жерде қолайлы, қай жерде өмір сүру сапасы жоғары, сол жерді таңдайды. Қазір «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» атты тұжырымдамасы іске асырылуда. Елбасы осы жылғы Жолдауында әлеуметтік салаға баса назар аударды, оның ішінде денсаулық саласы да бар. Сіздер білесіздер, Астанада заманға лайық жаңа онкологиялық орталық ашу тапсырмасы бар.  Тиісінше, біздің алдымызда  онкологиялық аурулардың алдын алу, науқастарды оңалту және емдеу, жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізу міндеттері тұр. Бүгінгі форум біздің саламыздың дамуына тиісті әсерін береді деген ойдамын», - деді ол.

№ 1 қалалық онкологиялық орталығының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Юрий Жуков, қалада жалпы елімізде сүт безі, жатыр мойны, өңеш, асқазан обыры онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында скринингтік зерттеулер бағдарламасы іске асырылып жатқанын айтты.

«Пациенттер тұрақты профилактикалық тексерулерден өтуде және ол үшін барлық жағдай жасалған. Соның арқасында жаман аурудың алдын алып бастапқы кезеңде анықтап дұрыс ем жасап, емдеуге мүмкіндік бар. Мысалы, сүт безі обыры бойынша аурудың 80 %-ы бастапқы 1 және 2 сатысында анықталуда, сол себепті де емдеудің нәтижесі жақсы болуда», - деді ол.

Айта кетейік, 12-13 қазан күндері Астанада онкология және паллиативтік көмек  сұрақтары бойынша халықаралық конференциясы өтуде. Шара Онкологтар мен радиологтар қауымдастығы және Астана қаласы әкімдігінің онкологиялық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдарға арналған паллиативтік көмекті дамыту жол картасын» әрі қарай жылжыту мақсатында өтуде.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109