664

Б. Сұлтанов БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысымен кездесті

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссияның хатшысы Ольга Альгаеровамен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

О. Альгаерова Астанаға трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы (Су конвенциясы) Конвенция тараптары кеңесінің сегізінші сессиясының аясында келген. Ол осы сессия жұмысына 90-нан астам елдің өкілдері қатысқанын айтты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссия хатшысының айтуынша, астана алаңы жаһандық бастамаларды өте сәтті жылжытуда.  Мысалы, биыл жазда Астанада Азиядағы, Орталық-Азиялық аймақтағы ормандарды дамыту бойынша кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, қонақ қалада орын алып жатқан өзгерістер туралы да айтты. «Мен Астанаға 1994 жылдан бері келіп жүрмін, ол кезде елдің астанасы Алматы қаласы еді. Содан бері қаладағы оң өзгерістермен, технология жетістіктерін көрудемін».

Бақыт Сұлтанов қаланың 2050 жылға арналған бас жоспары әзірленгенін тілге тиек етті. «Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен біз қаланың көпжылдық даму бағдарламасын әзірлеуге кірістік. Астана тек адамдарға ыңғайлы қала ғана болып қалмай, инновация мен жаңа ойлардың жүзеге асатын қаласы болуы тиіс». Астана қаласында Халықаралық қаржы орталығының ашылғаны себепті ол ерекше маңызды.  

Құрметті қонақ Астана қаласы әкіміне келер жылы көктемде Женевада Еуропалық экономикалық комиссияның кезекті кеңесі өтетінін, сол шара аясында ірі қалалар мэрлерінің кездесуі өтетінін айтты (Нью-Йорк, Париж, Дублин және т. б.).

«Қала басшылары халыққа жақын. Сіздер инновацияларды дамыту, энергетика, сауда, ТКШ, статистика туралы көп білесіздер. Осы тақырыптармен комиссияда жұмыс жасайды. Сол себепті бізге сіздің ойыңыз да маңызды», деді ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссия хатшысы Астана әкімі Бақыт Сұлтановты ірі қалалар басшыларының кеңесіне қатысуға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109