Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

2161

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнын ашқандарға субсидия беріледі

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мақсатында, олар үшін арнайы жұмыс орнын ашқан кәсіпкерлерге субсидия берілетін болды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Елімізде мүгедектерді  әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және  «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-1-бабына сәйкес, аталмыш шара қолға алынып отыр.

Аталған ақпарат күшіне еніп, мүгедектерге жаңа жұмыс орнын ашқан кәсіпкерге  280 000 теңге  субсидия беріледі. 

Бұл қаржыға:

Тірек-қимыл аппараты зақымданған, оның ішінде кресло-арбамен қозғалатын мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарына:

- Биіктікті өзгерту мүмкіндігі және жұмысқа бейімді беті бар үстел;

- Биіктікті өзгерту және отыру және арқа бейімді мүмкіндігі бар орындық;

- Компьютер;

- Қосымша аяқ салғыш;

- Қосымша шынтақ сүйеніші;

- Қозғалысты жеңілдетуге арналған қосымша таяныштар мен тұтқалар;

- Вертиколизатор;

- Заттар мен бөлшектерді қармауға және ұстауға арналған аспаптар, құрылғылар;

- Мүгедектің шектелуін өтеумен байланысты өзге де арнайы жабдықтар мен аспаптар.

Есту қабілетінен айырылған жандарға:

- Жарық беру;

- Қауіпті жағдайда белгі беретін жанып-өшетін жарық құрылғысы;

- Жарықпен дыбыс шығаратын құрылғы;

және өзге де құрылғылар кіреді.

Субсидия алу тәртібі және қажетті құжаттар:

1.      Өтінім https://www.enbek.kz сайтына тіркеліп, электронды түрде беру;

2.      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі немесе сол туралы анықтама;

3.      Жұмыс орнындағы құрал-жабдықтарды сатып алуға кеткен шығын сметасы;

Аталмыш құжаттарды Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет. Айта кетейік, уақытша жұмыс орнын ашатын жұмыс берушілерге субсидия берілмейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109