Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

727

Астанада жер учаскесі әзірге берілмейді

Елордада «Электронды үкімет» e.gov.kz порталында Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Қала тұрғындары әкімнен Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) бойынша жер учаскелері қай кезден бастап берілетіні туралы сұрады.

 «2006 жылы менің кезегім № 236 болатын. Әкімдіктің кіріс күнінде – 14. 08. 2006, кіріс хат № әкімдік - У-333/1 делінген. 2012 жылға дейін Астана әкімдігіне, Астаналық жер қатынастары басқармасына жиі барып тұрдым, бірақ ол кезде кезегім жылжыған жоқ. Маған телефон номерін беріп, қоңырау шалып, біліп тұруға кеңес берді. Денсаулығыма байланысты қаладан кетуге мәжбүр болдым. Порталда көрсетілген телефонның біреуі де жауап бермеді. Қазір уақытша Алматыда тұрып жатырмын. Маған жер алуға көмектесіңізші», - деп білдірді өтінішін әкімге Ляля Өмірзақова.

Өз жауабында қала әкімі ЖТҚ барысында жер учаскесін беру 2015 жылғы 25 наурызда № 255 ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Ереже нормаларымен регламенттелгенін айтты. Осыған сәйкес жер кесіп беруге алаң жоқ кезде келіп түскен азаматтың өтініші кезегіне қарай арнайы есепке қойылады. Мұндай арыздарды қанағаттандыру барлық инженерлік коммуникацияларымен қамтамасыз етілген дайын алаң бар кезде ғана өз кезегі бойынша жүзеге асырылатынын хабарлады.

«Қалада көрсетілген алаңдардың жоқтығына байланысты ЖТҚ үшін берілетін жер учаскелерін ұсыну 2007 жылдың мамыр айынан бері тоқтап тұр. Бүгінгі таңда жер алу үшін арнайы есепте 120 мыңнан аса адам кезекте тұр», - деді Б. Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109