Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

439

Сарыарқа ауданында мектеп, колледж және көзі нашар көретін балаларға арналған балабақша салынуда

Ауданды абаттандырудың құрылыс жоспарында тек мектеп қана емес кәсіптік-техникалық оқу орындары, балалар бақшасы да бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2018 жылы Сарыарқа ауданында Абай даңғылының қиылысы мен Бигелдинов-Күмісбеков көшесінде 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр даңғылындағы 800 орындық кәсіптік-техникалық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мұнда байланысшылар мен энергетиктерді дайындайды. 

Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысындағы 1200 орындық орта мектептің де құрылысы бітуге таяу. Мұнда абаттандыру, ішкі әрлеу, жылу, су, электрмен жабдықтау желілерін төсеу, әлсіз токты сымдарды орнату бойынша ғана жұмыстарды жүргізу керек.

Оқжетпес пен Бөкеев көшелерінің қиылысында да 1200 орындық мектеп салынып жатыр.

Бөгенбай батыр даңғылында 800 орындық бейінді кәсіпқой техникалық мектеп ғимаратын әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, аудан аумағында қаланы жайластыру бойынша да жұмыстар атқарылуда. Мәселен, көзі нашар көретін балаларға арналған балабақшаның құрылысы жалғасып, «Көктал» тұрғын алабындағы 475 орындық № 68 мектеп қайта жөндеуден өтуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109