Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

380

Денис Теннің мұзды әлемі

10 қарашада Астана қаласында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған D10 WORLD (Ди Тен Уорлд) көрмесі өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Астанадағы D10 WORLD көрмесінің ашылуына Денис Теннің жанұясы, оның достары, әріптестері, белгілі қазақстандық спортшылар, ресми тұлғалар қатысады.

«MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының екінші қабатында келушілерді жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, Денистің музыкасы және Олимпиада чемпионына тиесілі заттардан құралған «мұзды әлем» қарсы алады. Сонымен қатар, көрмеде спортшыны атаулы іс-шараларда түсірген түрлі авторлардың суреттері және әріптестері мен достарының бейне жобасы ұсынылған», - делінген хабарламада.  

Көрме «Денис Тен Қоры» бастамасы бойынша ұйымдастырылған http://denistenfoundation.org/ru.

Қорды спортшының жақындары мен туыстарын құрған. Қордың мақсаты - Денис Тен атындағы спорттық-білім беру бағдарламасын ұйымдастыра және дамыта отырып, Қазақстанның мәнерлеп сырғанау өнерінің, әсіресе балалар мен жастардың арасында дамуына үлкен үлес қосу. Қордың міндеттері - Денистің жеке жобаларын іске асыруды жалғастыру, мәнерлеп сырғанау академиясын ашу; Денис жазған сценарий бойынша фильм түсіру; Денистің әндерінен құралған музыкалық альбом шығару; Денистің әңгімелері мен өлеңдерінің жинағын шығару; Шағын Денис анимациялық кейіпкерін дамыту сияқты қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының шығармашылығына арналған жобаларды сақтау және дамыту. Сонымен қатар, Қордың жұмысы дарынды жастарды қолдауға, мәдени, білім беру, спорттық және әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталатын болады.

Көрменің ашылу күні мен уақыты: 2018 жылғы 10 қараша сағат 17:00. Көрменің жұмыс жасау кезеңі: 2018 жылғы 10 - 20 қараша сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Кіру тегін. Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 62, MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығы, А кіреберісі, 2 қабат, оңтүстік жақтағы қанат.

Денис Тен - мәнерлеп сырғанаудан тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Олимпиада ойындарының (2014) жалғыз қола жүлдегері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109