Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

551

Астанада Махатма Гандидің есіміне қатысты ұсыныс талқыланды

Үнді елшісі елорда көшелерінің біріне немесе мектептердің біріне Ганди есімін беру немесе оның құрметіне ескерткіш орнату туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен бейсенбі күні еліміздің бас қаласында Үндістанның көрнекті саяси және қоғам қайраткері Махатма Гандидің есімін мәңгіге қалдыруға қатысты мәселені талқылады.

 «Осы жылы біз 2020 жылдың 2 қазанына дейін жалғасатын Махатма Гандидің 150 жылдығын мерекелеуге арналған шаралар циклін ашпақпыз. Алматы қаласында оның құрметіне қойылған көше мен ескерткіш бар. Егер Астана әкімдігі де әлем тарихында өзінің терең ізін қалдырған Гандидің есімін мәңгілік ету идеямызды Қазақстан астанасында да қолдаса, қуанар едік», - деді П. Кумар.   

Елші Астана көшелерінің немесе мектептерінің біріне Гандидің есімін беруді немесе оның құрметіне ескерткіш орнатуды ұсынды.

Ескерткіш орнатылатын жағдайда П. Кумар оның дайындалуы мен жеткізілуі үндістандық тараптан жүзеге асырылатынын айта кетті.

Астана әкімі Елшінің айтқан ұсынысына қызығушылық білдіріп, алдағы уақытта осы және өзге де жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. 

Тараптар Астанада үнді сауда-іскер орталығының құрылысын салу мүмкіндігі, сондай-ақ мәдени шараларды бірлесіп ұйымдастыруды жалғастыру сияқты мәселелерді талқылады.

Бұдан бөлек, Б. Сұлтанов Халықаралық қаржы орталығының ашылуына байланысты бизнес жүргізудің жаңа перспективасы барын айтып, үнді кәсіпкерлерін Астананың инновация, ақпараттық технология, білім және денсаулық сияқты салаларына инвестиция құюға шақырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109