Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

783

е-КСК қосымшасында үй шлагбаумын қашықтықтан ашу функциясы пайда болады

Қазіргі таңда мобильді қосымшаны 11 323 адам жүктеп алған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Астана Innovations» басқарма төрағасының орынбасары Алмас Амирзинов жақын арада е-КСК қосымшасында пайда болатын жаңашылдықтар туралы айтып берді.

«Қосымша әркез толықтырылып отыруда. Қазір үй шлагбаумын қашықтан ашу функциясы тесттен өтіп жатыр. Түсіндіре кетсем, мысалы сізге қонақ келгенде күзетшіге хабарласпай-ақ, телефон арқылы сізге тапсырыс жіберіп, сіз шлагбаумды үйде отырып аша бересіз», - деді А. Амирзинов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астананың барлық пәтер иелері кооперативтері е-КСК жүйесіне қосылған.

«Қосымша барынша жұмыс істеуге қабілетті. Ол міндеттерді орындау бойынша барлық талаптарға жауап береді. Қазіргі таңда жүйеге 11 595 өтінім түсіп, олардың 89 % өңделген. Өтінімді өңдеу бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады. Қосымшаны 11 323 адам жүктеп алған», - деді Амирзинов.

Ол сондай-ақ, қалада бүгінгі таңда 486 ПИК жұмыс істеп жатқандығын еске салды.

е-КСК жүйесі тұрғындарға ПИК-тер туралы ақпарат алуға көмек беріп, оларға өтінім беру және дауыс беруге қатысу немесе көпшіліктің ой-пікірлерін сұрастыру, есептерді қарау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109