718

Динара Сәдуақасованың кітабының тұсауы кесілді

Чемпион қыздың қолтаңбасы бар кітапты гроссмейстер шахмат академиясының ресми ашылуы кезінде алуға болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық гроссмейстер атағы бар Динара Сәдуақасова «Шахмат ойнауды үйренеміз» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл – екі тілде, дәлірек айтқанда қазақ және орыс тілдерінде жазылған интеллектуалды ойын бойынша Қазақстандағы алғашқы оқу құралы.

Аталған кітаптың ерекшелігі бұған дейін Қазақстанда шахмат ойыны бойынша қазақ тілінде оқу құралының болмағанында. Оқырмандар кітаптан шахматтың тарихы, ережелері, тактикалық әдістері, тапсырмалар мен олардың жауаптары, этюдтердің шешілу жолдары және ойын кезіндегі тәртіп ережелері жөнінде нақты ақпарат ала алады.

«Менің 2014 жылы алғаш рет жарыққа шыққан «Шахматтағы алғашқы қадамдар» атты кітабым аталмыш ойын түріндегі ең ерте партияларды көрсетіп, үйренуді жаңадан бастағандарға бағытталған болса, бұл кітап тәжірибелі шахматшылар мен жаттықтырушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға арналған. Жинақты оқу-жаттықтыру мақсатында, сондай-ақ өздігінен үйрену сабақтарында да пайдалануға болады. Маған қолдау көрсеткен командама, достарым мен серіктестеріме алғыс білдіремін», - деп бөлісті Динара Сәдуақасова «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Аталған кітап Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қоры мен Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен жарыққа шықты.

Чемпион қыздың қолтаңбасы бар кітапты алғысы келетіндер 22 желтоқсанда Астана қаласы Сауран көшесі, 9 үй мекен-жайында өтетін Динара Сәдуақасова шахмат академиясының ресми ашылуы кезінде қол жеткізе алады. Жақын арада оқу құралы кітап дүкендері мен сайттарда сатылымға шығады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109