622

Бақыт Сұлтанов: «Жас Отан» жастардың кең коалициасының ядросы болуы керек»

Астана әкімі «Нұр Отан» қалалық филиалының басшылығына партияның жастар қанатын күшейтіп, қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп, жастар бастамасын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәрсенбіде Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының ХХVІІ есеп беру конференциясы өтті.

Б. Сұлтанов кіріспе сөзінде «Нұр Отан» партиясының өзге күштерге қарағанда шешімдерді қабылдап, оларды тәжірибеде жүзеге асыра алатын, Мемлекет басшысының жариялаған әлеуметтік модернизациясы бойынша жоспарлардың жүзеге асуына кепіл бере алатын бірден-бір ұйым екендігін айтты.

Астана әкімі алдағы кезеңдегі тактикалық есептерді өндіру бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды атады.

«Біріншіден, біз Жастар жылын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстарға белсенді кірісуіміз керек. Ал «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері елордадағы Жастар жылын өткізуге арналған Жол картасын қалыптастыруға  белсенді қатысулары керек», - деді Б. Сұлтанов.

Астана әкімі жастардың жақсы кәсіби білім алу мүмкіндігі болып, тиісті деңгейдегі еңбекақысы бар тұрақты жұмыспен қамтылып, отбасын құру үшін меншікті тұрғын үйі және салауатты өмір салтын ұстануы үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отырғанын атап өтті.

«Бұл – төрт негізгі элемент. «Жас Отан» астаналық жастардың дамуының басты механизмдерінің бірі болып, жалпықалалық сипаттағы өте маңызды мақсаттарды өзіне қабылдай алатынына мен сенемін. Жасотандықтар тек партияның қанаты болып қана коймай, жастардың кең коалициясының ядросына айналып, барлық жастар ұйымын бірлестікке шақыруы керек», - деді Бақыт Сұлтанов.

Осы ретте ол «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының басшылығына «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын  қалалық деңгейде күшейтуді, қоғамдық даму істері басқармасымен бірлесіп жастар бастамасын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Екіншіден, Б. Сұлтанов әлеуметтік коммуникацияның жаңа құралдарын пайдаланып, қала тұрғындарының арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту қажеттігін алға тартты.

Үшіншіден, партия Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы, «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асуын бақылау бойынша тәжірибелік шаралар қабылдауы қажет.

Төртіншіден, партияның ішкі саяси ауқымдағы тұрақтандырушы қызметін жоғарылату керек.

«Біз кез келген қоғамдық ұйыммен және саяси ұйыммен диалог құруға дайынбыз. Әрине, біздің басты ұстанымыз қоғаммен интеллектуалды және аналитикалық байланыс орнату», - деді Б. Сұлтанов.

Бесіншіден, Астана мәслихатының депутаттық фракциясының жұмысы Астананың жаңа концептуалдық міндеттерін шешуге тірек болуы тиіс.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қаланың әлеуметтік-экономикалық сұрақтарын шешуде мәслихаттың депутаттық фракциясы «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясымен, басқа да үкіметтік органдармен тығыз байланыста болуы тиіс.

«Біз күн сайын «Нұр Отан» партиясының әр қазақстандық азаматтың саяси көзқарасына, таңдауына қарамастан мәселесін шешетін партия екендігін дәлелдеуіміз керек. Тек біз күш-жігерімізді біріктірген кезде ғана Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғана емес, оның рухани-идеологиялық қалыптасуында жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз», - деді Бақыт Сұлтанов.

           

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109