348

«Елорда жастар сыйлығы» байқауының жеңімпаздары анықталды

5000 өтінімді іріктеудің төрт кезеңінің қорытындысы бойынша финалға 60 қатысушы шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда жастар сыйлығы» елдің дамуына өз үлестерін қосып жүрген жас әрі келешегінен зор үміт күттіретін қазақстандықтардың басын қосты.

Конкурстың мақсаты – дарынды жастарды мемлекеттік деңгейде қолдау, олардың ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ жастар мен үкіметтік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, табысты жастардың идеалын қалыптастыру. 

Өтінімдерді қабылдау 16-25 қараша аралығында өтті.

«Елорда жастар сыйлығы» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы басты жобалардың бірі болуы керек. Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Қазіргі таңда Астана қаласы әкімдігі Жастар жылы аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыру мақсатында «Жол картасы» қалалық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Жақында қалада жетекші жастар ұйымдарымен кездесу өтті, онда келесі жылы іске асырылатын бірқатар жоба мен бағдарлама талқыланды. Сіздерді іс-шараларға қатысып, белсенділік танытады деп сенемін.

Астанада көптеген қызықты, шығармашылық, көпфункционалды жобалар жүзеге асырылатын болады. 
Менің ойымша, жастар жылы аясында жүзеге асырылатын жол картасы ел бойынша ең қызықты әрі шығармашылық іс-шараларға айналады деп ойлаймын. Астана жастарының жұмыстарын қолдауға арналған бұл марапат елордадағы жастар ортасына тереңірек сіңіп, елеулі мәдени орынға ие болады деп айта аламыз», - деп атап өтті Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев марапаттау рәсімінде. 

Осылайша, «Жыл жаңалығы» номинациясында Асылхан Төлепов, «Эстрада» номинациясында Гүлмира Исімбаева, «Ғылым» номинациясында Аян Нұркеш, «Қазіргі заманғы өнер» номинациясында  Қанат Нұртазин, «Журналистика» номинациясында Әмір Саменбетов, «Әлеуметтік белсенділік» номинациясында Әйгерім Көкеева, «Спорт» номинациясында Ілияс Фаткулин, «Театр» номинациясында Шехназа Кызыханова, «Кино» номинациясында Арман Қайыржан, "ҮЕҰ" (жастар саясаты саласындағы) номинациясында Бақдәулет Жанділдаев, «Үздік өндіріс қызметкері» номинациясында Данияр Танатов, «Үздік әлеуметтік қызметкер» аталымында Қуаныш Жағалбаева, «Жыл еріктісі» аталымында Мақсат Жолдыбай, «Үздік SMM менеджер» аталымында Алтынбек Керешев, «Өнерге қосқан үлесі үшін» аталымында Маргарита Попова, «Ерлік үшін» - Бақтияр Ілиясов жеңіске жетті. 

«Барлық кандидаттар мен жеңімпаздарды «Елорда жастар сыйлығы» марапатымен құттықтаймыз, мен сіздерге сәттілік тілеймін. 2019 – жастар жылы. Келесі жылы да бұл марапат өз құндылығын көрсетіп, елімізге үлесін қосып, өзін көрсеткен жастарға берілетін болады», – деп атап өтті Қоғамдық даму істері бөлімінің басшысы Данияр Есин. 

Кеш қонақтарына арналып қызыл кілем төселді, мерекелік швед үстелімен және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109