464

Уәлихан Қалижанов: Ұлт тарихы мен өркениетін санаға сіңіру –патроитизмді, ұлтқа, мемлекетке деген құрмет пен мақтанышты қалыптастырады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҰҒА академигі  Уәлихан Қалижанов Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты өз пікірімен бөлісті.

 - Күні кеше Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Ол  Қазақстан қоғамының барлық топтарын дүр сілкіндірді. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев кезінде жазып еді.

«Рухы мықты халық ғана мықты мемлекет құра алады» деп. Сол халық рухын көтеру үшін ең алдымен өзі сүйген, өзін сүйген ұлтының тарихына үңілді. 1994 жылы «Тарих толқынында» атты кітап жазды. Ел президенті ретінде «Мен өз халқымның кемінде бес мың жылдық тарихын білуім керек» деп еді сонда. Әрі қазақ руханияты өркениетінің негізгі 12 жолын ашып көрсетіп еді.

Одан кейін Президент «Мәдени мұра» бағдарламасын ұсынды. Бізге мәлім, беймәлім ұлт жәдігерлері жиналды, жинақталды, сараланды, монографиялар жарық көрді. Онан соң Ұлытаудағы қасиетті бұлақ қасында тұрып сұхбат берді.

Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қолдауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 100 томдық «Бабалар сөзін» шығарды, ғылыми айналымға қосылды. Франкфуртте Халықаралық тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бірақ елеусіз қалды.

Міне Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы дала өркениетінің жеті қырын атап өтіп, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынып отыр.

Ұлт тарихын, ұлт өркениетін санаға сіңіру Ұлттық патриотизмді, өз ұлтына, өз мемлекетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағы ашылса, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік сериялар қайта шығарылса, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба жүзеге асырылса, «Ұлы даланың өнер және технологиялар музейі» жасалса, «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы жүзеге асырылса, «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» әртүрлі форматта қолға алынса, рухани жаңғырудың кемелденуін тездете түседі. Өйткені бұл мақаладағы ойлар мен тұжырымдар «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жобаларының заңды жалғасы болып табылады.

Осы үлкен рухани жаңғыру жолында Елімізбен, Елбасымызбен бір болайық!

 

Мәтін Қазақстан Халқы Ассамблеясының ресми сайтынан (assembly.kz) алынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Астана – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109