4373

"Құрылыс алаңдарында санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет " - қала әкімі бірқатар құрылыс нысандарын аралады

Биыл құрылысы ұзаққа созылған 20 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі. Бұл арқылы 8 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешіледі.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында "Жеті жол", "Столичная-2", "Шар Құрылыс", "Айсанам Делюкс" сияқты бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

"Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Коронавирус инфекциясының пандемиясын ескере отырып, құрылыс қарқыны төмендеді, ал кейбір құрылыс компаниялары жұмысын уақытша тоқтатты. Нысандарда санитарлық нормалар мен карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау қажет. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылыс сапасына ерекше назар аудару керек. Сонымен қатар аумақтарды абаттандырумен де айналысу қажет.", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

ТҚК төрағалары мемлекеттің қолдауының арқасында құрылыс жұмыстары қайта басталып жатқанын атап өтті. "Нысандардың құрылысы бірінен соң бірі аяқталып, үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне кіріп жатыр.

Бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесіне ризамыз", - деп атап өтті.

Былтыр 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Құрылысы ұзаққа созылған әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109