6491

2020 жылы 8 мыңға жуық үлескер пәтер алады - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Биыл 8 мыңға жуық үлескер өз пәтерлерін алып, құжаттарын рәсімдей алады. 2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандар саны 20 үйге азаяды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Ақерке 2", "Баспана Көктал", "Зере 1" тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты.

Елорда әкімі нысандарда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Қалада екі күн ішінде 26 нысан жабылды! Олардың басым бөлігі құрылыс компаниялары.

"Басты талап - карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау. Барлық талап қатаң сақталмаған жағдайда, нысандардың жұмысы тоқтатылады. Қыста құжаттарды дайындап, ішкі әрлеумен айналыстық. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылысы созылып кеткен тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау — басты міндеттердің бірі. Құрылыс сапалы болуы қажет. Аумақты абаттандыру керек", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің уақытында аяқталуы - Мемлекет басшысының бақылауында тұр.

2019 жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109