1138

Жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жұмыспен қамту мәселелері туралы кезекті тікелей эфир өтті. Сұрақтарға Жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамтуға көмек көрсету бөлімінің бастығы Азамат Байтасов жауап берді.

«Қазір жұмыспен қамту орталығына келудің, тіркелудің қажеті жоқ. Орталық ұсынатын барлық қызметтер онлайн режимде. 57-88-88 телефоны арқылы байланысуға болады. Қоңырау шалып, қажетті қызметті таңдап, өтінім қалдырыңыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, өтінім бойынша жұмыс істейді. Жұмыссыздарды тіркеу және жұмысқа орналастыру үшін бізде төрт қалалық телефон: 95-44-20, 57-86-19, 72-93-57 және 72-93-50, сондай-ақ екі ұялы телефон: 8-777-116-82-76 және 8-777-116-82-73. Оқу және грант бөлу бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 95-44-24, 95-44-16, 95-44-18, ұялы телефон: 8-702-513-61-19. Толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының cz.astana.kz сайтынан алуға болады», – деп түсіндірді А.Байтасов.

Сондай-ақ ол жұмысқа орналасқысы келетіндерге көптеген бос жұмыс орындары бар екенін айтты. Жұмысшылар, құрылысшылар, жүргізушілер, мерчендайзерлер сұранысқа ие.

Естеріңізге сала кетейік, тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта шамамен 3 мың маман қажет. Сонымен қатар студенттер жұмысқа орналаса алады.

Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бос жұмыс орнын табуға көмектесу үшін жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

«Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығының call-орталығына 57-88-88 телефоны арқылы хабарласу керек. Онда сіз өтінімді, яғни тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, ЖСН және телефон нөмірін қалдырасыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, құжаттарды сұрайды: сізде диплом, еңбек кітапшасы, анықтама және қалада тіркеу болуы керек. Біз сізді тек осы жағдайда тіркейміз», – деді А.Байтасов.

Оның айтуынша, жұмыссыздарға жәрдемақы жарналар мен сақтандыру қорына қатысу мөлшеріне байланысты тағайындалады. Осы және өзге де сұрақтарға толығырақ жауапты Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Инстаграмдағы ресми парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109