1823

Кәсіби жаттықтырушылар онлайн режимде тыныс алу гимнастикасын үйретуде

Қалай дұрыс және пайдалы тыныс алу керек? Өз денсаулығы мен өкпе жұмысын жақсартқысы келетіндерге онлайн форматта кәсіби жаттықтырушылар, дәрігерлер мен йога нұсқаушылары тыныс алу гимнастикасын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаттығу сабағына барлығы қатыса алады. Шараның мақсаты – тыныс алуы қиындаған науқастарға көмек көрсетіп, аурудың алдын алу, сондай-ақ халыққа тыныс алу жолдары туралы шынайы ақпарат беру.

Жаттығу сабағын спорт дәрігері Берік Саттықылыш, Нұр-Сұлтан қалалық Пенчак Салат федерациясының атқарушы директоры Жанат Тұяқбаев, тыныс алу гимнастикасы бойынша кәсіби фитнес-жаттықтырушы Оксана Королева және Sundar Yoga негізін қалаушы, жаттықтырушы Сундар Апандиян өткізеді.

«COVID-19 жұқтырған науқастарды оңалту үшін тамақтану, ұйқы, дене белсенділігі, сондай-ақ дәрігерлік тағайындаулар аса қажет. Ауру кезінде зардап шеккен ағзаға қиындық түседі. Көп жағдайда өкпе қабынады», – деп хабарлайды қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Сондықтан дене қозғалысы мен жаттығулар әр жағдайда жеке реабилитолог-дәрігердің қадағалауымен жасалуы қажет.

«Өкпенің зақымдануы кезінде дене жаттығулары бұлшықет топтарында (қабырға аралық, диафрагма, өкпе тінінің бұлшық еттері) қан айналымын жақсартуға бағытталады. Жаттығулар арқылы бұлшықет белсенді қозғалыста болып, зақымданған ағза тез қалпына келеді», – дейді басқарма өкілдері.

Тыныс алу жаттығулары карантин кезінде аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері сағат 19:00-де, дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – @sport_nursultan, @elordasport өтеді.

Эфир соңында бейнероликтер осы парақшаларда жарияланады.

Онлайн формат көп адамды қамтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, ұялы телефон, спортпен айналысуға деген ниет және көтеріңкі көңіл-күй қажет.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109