599

Нұр-Сұлтанда карантин шараларын енгізгелі мобильді топтар жүктемесі 30% төмендеді

Қала тұрғындары үй жағдайында сапалы медициналық көмек алуда. Естеріңізге сала кетейік, пандемия кезінде арнайы мобильді топтар құрылған болатын. Олардың құрамында фельдшер мен медбике жұмыс істейді, деп хабарлайды Covid19.astana.kz. сайты.

«Мобильді топтар шақыртуларға барып, коронавирус инфекциясының белгілерін байқаса, біздің фельдшерлер үйден ПТР-зерттеу үшін қан алады. Сондай-ақ COVID-19-бен ауырған отбасы мүшелерінен талдау алынады. Осылайша олардың емханаға келуін азайтып, қауіпсіздігін сақтай аламыз», – дейді бас медбике Күлзи Әбенова.

Дәрігерлер үйде көрсететін медициналық көмектен басқа диспансерлік есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмек әкеледі. Сондай-ақ DamuMed қосымшасы арқылы онлайн-кеңестер өткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, карантин енгізілгеннен кейін жағдай тұрақталған.

«Бүгінгі таңда бізде алты мобильді топ жұмыс істейді. Карантин енгізілгеннен кейін шақыртулар саны 30% төмендеді», – дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысымен коронавирус пен пневмония жұқтырған науқастарға көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды.

Бүгінде елордада 200-ге жуық мобильді топ жұмыс істейді. Бір мобильді топ қызметі бес мың тұрғынға есептелген.

Шілде айының басынан бастап Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қоңыраулар саны үш есе азайды – күніне 3000-нан 1100-ге дейін. Оның ішінде коронавирус инфекциясы бойынша – тәулігіне 500-ден 89-ға дейін.

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар саны 70% – 10 320 науқастың 7 260-ы сауығып шыққан. Төсек-орын қорына жүктеме 99%-дан 38%-ға дейін төмендеді.

5 шілдеден бастап жүргізілген карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде пневмониямен ауруханаға түскендер саны екі есе – 1348-ден 633 адамға дейін азайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109