620

Имам Құрбан айт мерекесі жөнінде: «Көпшілікті мұқтаж жандарға мерекелік дастархан жаюға шақырамыз»

Акцияға қатысушылар малдың құрбандыққа өз атынан шалынғандығы туралы видеоесеп ала алады.

«Ақ мешіт» мешітінің бас имамы Дәурен Мүслімов Құрбан айттың биыл қалай тойланатындығы туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Барша мұсылмандарды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтағым келеді. Өкінішке қарай, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға және карантин режиміне байланысты мереке өткізуге айтарлықтай өзгерістер енді. Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Qurban2020.kz сайты ашылды, онда адамдар құрбандыққа шалынатын малды сою туралы онлайн өтініш бере алады», - дейді Д.Мүслімов.

Имамның айтуынша, Құрбан айт күндері мұсылмандар қайырымдылықпен айналысуы керек. Бұл игі іс адамдарға Алладан сый мен кешірім береді.

«Барлық құрбандық еті мұқтаж жандарға таратылады. Сайтта көмекке мұқтаждардың барлығы ет алуға өтініш бере алады. Біз қала тұрғындарын осы акцияға қатысуға және мұқтаж жандар үшін мерекелік дастархан жасауға шақырамыз. Акцияға қатысушылар малдың құрбандыққа шалынғаны туралы видеоесеп ала алады», - деді Мүслімов.
Хабарланғандай, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 31 шілдеде қала мешіттерінде мерекелік «Айт намазы» оқылмайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдар көп жиналмауы үшін дәстүрлі мал сою орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабылады.

Сонымен қатар, елордаға сатуға әкелінетін ірі қара мен ұсақ малды кіргізу шектеледі.
Қала тұрғындарынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен барлық санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтау сұралады.

2020 жылы «Құрбан айт» мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109