166

Алтай Көлгінов бас мүфтимен Құрбан айтты атап өту мәселесін талқылады

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай Қажы Тағанұлымен кездесіп, карантин режимі жағдайында өтетін Құрбан айтты атап өту мәселесін талқылады.

Елдегі санитарлы-эпидемиологиялық ахуалға байланысты адамдардың көптеп жиналуына, бір жерге шоғырлануына болмайды. 5 шілдеден бастап енгізілген қатаң карантин режиміне сәйкес, барлық рәсім онлайн өткізілуі қажет.

Осыған сәйкес биыл Құрбандық шалу рәсімдері де онлайн-форматта өтеді. Осы орайда, алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында qurban2020.kz сайты іске қосылды. Аталған сайтта кез-келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады.

Бүгінгі кездесуде қала әкімі вирустың таралу қаупінің алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларына мән берілетінін атап өтіп, елордалық мешіттерге ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсетілетінін атап өтті. Ол үшін волонтерлер мен IT мамандардан тұратын қалалық арнайы штаб құрылды.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының елорда бойынша өкілдігі және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Рұқсат етілмеген жерлерде құрбандық шалуға болмайды. Осы мәселені және адамдардың топтаспауын қадағалау үшін аудан әкімдіктерінде шұғыл әрекет ету топтары құрылды. Барлық мемлекеттік органдар күшейтілген режимде жұмыстар жүргізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109