684

COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеу үшін қалай плазма доноры болуға болады

COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазманы орта немесе ауыр дәрежелі коронавирус инфекциясымен ауырған донорлар тапсыра алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Донордың жасы 18-ден асқан, жеке куәлігі бар және салмағы кемінде 50 кг болуы керек.

«Сондай-ақ жүкті емес және босанбаған әйелдер де плазма тапсыра алады. Бұл плазманы құю кезінде иммуннологиялық асқынуларға жол бермес үшін жасалады. Мұндай асқынулар сирек болады, бірақ кездесуі мүмкін. Мұндай проблеманы туғызбау үшін біз босанған әйелдерден қан алмаймыз», – дейді донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі, трансфузиолог-дәрігер Эльмира Көпеева.

Бірінші күні орталықта донор қаны мен антиденені талдау үшін тексеру жүргізіледі. Егер көрсеткіштер қалыпты болса, келесі күні ол иммундық плазманы тапсыруға шақырылады. Процедураның аппараттық әдіспен жасалатын плазмафорезден еш айырмашылығы жоқ. Плазма 600 миллилитр немесе одан төмен көлемде алынады.

«Антиденелер расталған жағдайда, иммундық плазманы тапсырар алдында дайындалу керек. Кешкі сағат 6-дан бастап, ащы, майлы, қуырылған тағамдарды, сүтті пайдаланбаған жөн. Суды немесе қара шайды көп ішу қажет», – дейді Э.Көпеева.

Күн сайын тексеруге 10-11 донор келеді, олардың тек 3-4-еуі ғана плазманы тапсыра алады. Көбіне талдау қалыпты болмайды және қалпына келтіру үшін көп уақыт қажет.
Осындай донорлардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алмас Асқатов болды. Ер адам бір жарым ай бұрын COVID-19-бен ауырғанын айтады. 39,2 температурамен он күн жүрген. Енді басқаларға көмектесуге шешім қабылдапты.

«Менің анам ауырып қалды. Екі жақты пневмониямен, өкпенің 60% зақымдалуымен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Сондықтан мұның не үшін қажет екенін жақсы түсінемін. Ең бастысы, біреудің өмірін сақтап қалу үшін маңызы зор», – дейді А.Асқатов.

Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 190 доза иммундық плазма дайындалып, ауруханалардың сұранысы бойынша 151 доза жіберілді. Олардың 10-ы басқа да қан орталықтарына берілді. 77 донация өткізілді, 69 адам иммундық плазма доноры болды.

Иммундық плазманы тапсыруға ниет білдірушілер Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына жүгінуі қажет. Орталық Керей мен Жәнібек Хандар көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109