374

Құтқарушылар мен еріктілер суға түсу кезіндегі тәртіп бұзушылықтар бойынша рейд жүргізді

Суға түсу кезінде үш тәртіп бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, «Вirgemiz» жалпыұлттық жобасы аясында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға рейд жүргізді.

Еріктілер құтқару қайығымен Есіл өзенінің бойымен қайық станциясынан бастап екі бағытта жүрді. Рейд барысында рұқсат етілмеген аймақта суға түсу бойынша үш ереже бұзушылық тіркелді.

Төтенше жағдайлар департаменті судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Сондай-ақ егер оқиға куәгері болған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Бұған дейін хабарланғандай, елордада 23 жағажай анықталды, бірақ олардың үшеуі ғана ресми түрде шомылуға рұқсат етілген. Атап айтсақ бұлар: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы және «Столичный двор». Қазіргі уақытта карантин режимінің күшеюіне байланысты шомылуға тыйым салынады.

Жағажай маусымында елордада күн сайын 20 кәсіби құтқарушы, 30 қоғамдық құтқарушы және азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының 15 қызметкері жұмыс жасайды.

Сонымен қатар ТЖ департаменті әкімдікпен бірлесіп, тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер орнатты. Шомылу орындарын түбіне дейін тексеру жүргізіліп, демалыс аймақтары мен қалалық жағажай иелеріне ақпараттық хаттар табысталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109