541

Елордада санитария нормаларының сақталуы бойынша рейдтер жалғасуда

Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтары карантин тәртібін бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, 5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 570 бұзушылық тіркелді. Оның 224-і маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтаудың міндетті талабын, 346-ы тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің карантин тәртібін бұзуымен байланысты.

Бұзушылықтар бойынша материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.

Рейд кезінде полиция ойын-сауық мекемелерін, қоғамдық тамақтану орындарын, сауналар мен моншаларды тексеріп, иелеріне қазіргі карантин шаралары туралы ескертеді.

«29 шілде, түнгі сағат 1-де аумақты тексеру барысында Момышұлы көшесіндегі бардың бас санитарлық дәрігермен бекітілген ережелерді бұза отырып жұмыс жасаған анықталды. Бар келушілерге алкогольдік ішімдіктерді өзімен бірге алып кету бойынша қызмет көрсеткен. Сол күні мобильді топ Қабанбай батыр көшесінің бойындағы кофехананың түнгі уақытта жұмыс жасағанын анықтады. Онда келушілерге кальян ұсынылған. Келушілерге ҚРӘҚБтК-тің 441-бабы бойынша жеті әкімшілік хаттама жасалды. Ал мекеме әкімшісіне қатысты жиналған материалдар әкімшілік іс қозғау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Сонымен қатар Бөкейхан көшесіндегі компьютер клубының 29 жастағы иесі 30-дан астам келушіні қабылдаған. Виртуалды ойыншылар қашықтық сақтамай, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінде.

Карантин тәртібін бұзушыларға 30-дан 230 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарға карантин тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, санитария нормаларын сақтауға шақырады.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері мен еріктілер де карантин тәртібінің сақталуын пысықтады.

Рейдтік шаралар «Шапағат» коммуналдық базарының маңында және «Ақжайық» саябағында өтті. Тұрғындар мен бизнес өкілдеріне міндетті түрде маска тағу, сонымен қатар әлеуметтік қашықтық сақтау туралы ескертілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109