597

Алматы ауданында жаңа қоғамдық орындар мен арт-нысандар пайда болды

Демалыс үшін жайлы аймақтарды құру жұмыстары қала басшылығының бақылауында, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Қазіргі уақытта Алматы ауданында тоғыз қоғамдық кеңістікті абаттандыру аяқталды, тағы бірі аяқталуға жақын.

Үш саябақты біріктіру тұжырымдамасын іске асыру аясында - «Президент», «Триатлон» және Есіл өзенінің жағалауында екі баскетбол, демалыс аймақтары бар екі футбол алаңы, демалыс аймақтары бар балалар алаңы, көлеңкелі шатырлар, жаттығу аймағы, 13 пикник зонасы жабдықталды; жағалау бойымен алты бұрылыс және ұзындығы шамамен 4 км велосипед жолы салынды.

М-1 көпірінің астында тас төселген демалыс орны, стритбол асфальты салынып, көпір бағандары граффитимен безендіріліп, декоративті жарығы ұйымдастырылды. Сонымен қатар тамақтану орны да бар. Президент саябағында сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша орталық көшелерде 3 мың шам ауыстырылды. «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған 33 ауланың 20-сы абаттандырылды. Қалған 13 ауладағы жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Жөндеу жұмыстары 61 аулада жүргізілді.

Хабарланғандай, жаз бойы елорданың барлық аудандарында 150-ге жуық аулалар мен 50 қоғамдық орын абаттандырылуда. Бның ішінде Байқоңыр ауданында - 50 аула, Сарыарқа - 40, Алматы - 33, Есіл - 20. Жұмыс тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүргізілуде, «Бюджетке Катысу» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аула аумақтарын көріктендіруге, абаттандыруға, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде. Елордада «Нұр-Сұлтан - жайлы қала» жоспары жүзеге асырылуда, ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасауды, полисцентриализмге бағытталған тәсілдерді енгізуді, жасыл алаңдар мен велосипед жолдарының санын көбейтуді, көпірлерді, қоғамдық орындарды салу және басқаларын қарастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109