684

Елорда мектептеріне жаңа оқулықтар таратылуда

Елордалық білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық жалғасуда. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде.

«Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулықтары бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бүгінгі таңда 35 мектеп кітап алды», - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады.

Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген. Оқулықтар мектептерге бөлінуде.

Оқу құралын уақтылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды.

«Бүгін қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың № 54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Қазақстанда алдағы оқу жылын еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту жоспарланған.

Осыған байланысты білім басқармасына және оқу орындарының директорларына мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109