709

Нұр-Cұлтанда COVID-19-дан науқастадың 76%-ы емделіп шықты

Әкімдікте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің медицина ұйымдарының басшыларымен кеңесі өтті. Кездесу барысында коронавирус инфекциясы бойынша қазіргі ахуал талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгінгі күні қалада 12 530 КВИ жағдайы тіркеліп, оның ішінде 9 629 адам (76%) емделіп шықты.

Карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде емханаларда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, пневмониямен сырқаттанушылық төмендегені байқалады. Пневмониямен ауыратын науқастар саны бес есе азайды.

«Сондай-ақ карантин кезінде, яғни 6 шілдеден бастап стационарларда емделіп жатқан науқастар саны 4,4 есе азайып, төсек-орын қорының жүктемесі 90%- ан 25%-ға дейін төмендеді.

Коронавирус инфекциясы расталып ауруханаға жатқызылғандар саны 4,3 есе азайды.

Жедел жәрдем шақыру саны 3 мыңнан мыңға дейін төмендегені байқалады», – делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина мекемелерінің басшыларына азаматтар тарапынан шағымдар тудырған науқастарға арналған электронды медициналық сервис – DamuMed қосымшасы мониторингін тұрақты негізде жүргізіп, сапалы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұл мәселе DamuMed ақпараттық жүйесінің жетілмегені, сондай-ақ көрсетілген қызмет туралы дәрігерлердің жазбасын кеш енгізумен байланысты. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы бағдарламаның әкімшілігімен бірлесіп әрбір нақты жағдайға талдау жүргізеді. Сонымен қатар қазіргі уақытта қаржылық пайда алу мақсатындағы жалған жазбалардың нақты фактілері тіркелген жоқ», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109