6048

Нұр-Сұлтанда 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды

Аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстарының көп бөлігі аяқталды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өз "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қала тұрғындары үшін 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды. Көпір асты (Сарайшық даңғылы) 5 аумаққа бөлінді: баскетбол алаңы, балаларға арналған, work-out, сахнамен бишілерге арналған алаң, иогамен айналысу алаңы т.б. Сондай-ақ тамақтанатын орын қойылды.

Қабырғаларына балалардың түрлі спортпен айналысуына түрткі болуы үшін танымал спортшылардың муралы бейнеленді.

Бұдан бөлек, бұл жердің айналасындағы аумақ абаттандырылады. Қала тұрғындары теплоходпен серуендеуі үшін пирс қойылды. Әткеншек орнатылып, үлкен футбол алаңы салынды. Енді бетоннан скейт-парк салу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта бұл жерде жасыл бұрыш, көпфункционалды амфитеатр пайда болады.

Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір астында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде тағы бір көпірасты кеңістік болады. Биыл барлығы 150 аула мен 50-ден аса қоғамдық кеңістік абаттандырылады (саябақтар, гүлбақтары, желекжолдар). Жұмыстың көп бөлігі аяқталды. Келесі жылдың тізімі жасалуда.

Мемлекет басшылығы бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде. Карантин бізге иммунитетімізді нығайту керектігін, спортпен шұғылданып, таза ауада көп жүру керектігін көрсетті.", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109