874

Ботаникалық бақта ілмекпен тоқудан шеберлік сабағы өтті

Нұр-Сұлтанда халықаралық тоқу күнін елордалықтар Ботаникалық бақта тоқыма тоқып, жіп иіріп атап өтті. Биыл тоқу күні отбасы күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Шараны Bergen әлеуметтік шеберханасы мен елордалық мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

"Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – тоқымамен айналысатын, үйренгісі келетін, қызығушылық танытқан адамдарды басын қосып, оларға шеберлік сабақтарын көрсетіп, қолдау. Бізде ешкім тоқымайды, тоқыған күннің өзінде үйдегі үлкен әжелерден басқа ешкім тоқымайды деген түсінік қалыптасып кеткен. Ашық ауада барлығымыз іс тоқып, жіп иіріп отырсақ, бұл стереотип бұзылады. Пандемия кезінде адамдар ішкі күйзелісті сезінсе, тоқу стрессті жеңілдетудің бір әдісі. Бұл кәсіп тек тыныштандырып қана қоймай, қажет болған жағдайда табыс көзі бола алады", – деп атап өтті Bergen әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Рахима Мұқышева.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін, іс-шараға қатысушылар алдын-ала тіркеуден өтті. Олар үшін кілемшелер, фото аймақ және арнайы орындықтар дайындалды. Акцияға бүкіл отбасы мүшелерімен де келгендер бар. Іс-шара барысында қала тұрғындары да қызығып, ілмекпен тоқуға қосылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеберлікті игеруге ниет білдірген мектеп оқушылары тоқуға деген үлкен қызығушылық танытқан. Шеберлік сыныпқа мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен көп балалы аналар да келді.
Ашық аспан астында қуыршақ театры қойылым қойып, филармония әртістері әннен шашу шашты. Қонақтар үшін ойындар ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ, тоқу мерекесіне қатысушылар қарттар үйіне сыйлық ретінде жылы шұлықтар тоқуға келісті. Бұл акцияға елорданың үш мектебі қосылуды жоспарлап отыр. Оқушылар үшін қосымша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109