1199

Елорда әкімі «Шығыс» тобы тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті

Биыл сегіз мың үлескер өзінің пәтеріне қоныстанады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгін үлестік құрылыс мердігерлеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, жұмысшылар санын көбейтуді тапсырдым. Мемлекеттік бақылау күшеймесе бәсеңдемейді. Қазір құрылыс маусымын неғұрлым тиімді пайдаланып қалу керек. Күн суытқанға дейін үйлердің төбесін жауып, қасбет жұмыстарын жүргізу қажет. Қыс түскеннен соң ішкі жақ жұмыстарына көшеді. Өткен жылы жұмыс қарқынына қарай 10 сақалды құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын.

Үлескерлері өте көп проблемалы құрылыс нысандарының бірі – «Шығыс» тобының тұрғын үй кешені. Бүгін кешкі аралау кезінде «Шығыс» тобының тұрғын үй кешенінің 1А, 1В, 2А, 2В, 3А, 3В, 4 (1-кезек) блоктарындағы құрылыс жұмыстарымен таныстым.

Қаржыландыру барлық блоктарға бөлінді. Барлық блоктың сметалық құжаттамасы әзірленді, қаржылық және техникалық аудит жүргізілді, бірінші кезекте үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Яғни үйдің іргетасы және қаңқасы мықты, қабырғасы тегіс болуы керек және т.б. Аталған үйде екінші-үшінші қайтара сатылған деректер болды.

Блоктардың барлығында мердігер анықталып, біраз жұмыс жүргізілді.

Мысалы, 1А және 1В блогтарында қасбет жұмыстары жүргізіліп, ішкі жұмыстары басталды, лифт пен терезелер орнатылды. 2А және 2Б блоктарында үйдің қаңқасы көтерілді, төбесі жабылуда. 3А және 3В блоктарында да қаңқа жұмыстарын аяқтау керек болған, біртіндеп ішкі жақтың жұмыстары басталып жатыр. 4А (1-кезек) блогында да құрылыс жұмыстары жүргізілу үстінде.

Биыл 20 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға береміз. Бұл дегеніміз – 8 мыңға жуық үлескер өзінің пәтеріне қоныстанады деген сөз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109