3893

"Сергек" камерасының арқасында елорданың қоғамдық орындарында жол апаты мен қылмыс саны екі есе азайды

Елордада жаңадан бастаған стартапшыларды қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек айтып берді.

"Жас IT-стартаперлерді қолдау үшін Seedstars Халықаралық бизнес-акселераторы бар. Аталған алаңды Seedstars швейцариялық компаниялар тобы және Astana Innovations компаниясының қолдауымен құрды. Қазір мұнда үлкен инвестициялық жобалар іске асырылуда, оның ішінде шетелдік жобалар да бар. Оған әрбір қазақстандық тіркеліп, іріктеуден өтіп, әрі қарай әлемдік компаниялар инвестициялай алады. Сондай-ақ, біз "Астана хабпен" жұмыс істеп, серіктес атандық. Олармен ортақ жобаларымыз бен ортақ көзқарас бар", - деді Ботагөз Қасабек.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында қоғамдық қауіпсіздік және "Сергек" камераларының тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Биыл тоғыз айдағы қорытынды бойынша, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда қаладағы ЖКО саны 40% төмендеді, жолдағы оқиғалар салдарынан жарақат алу екі есе қысқарды.

"Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетімен бірлесіп анықталған қылмыстық аулаларды бақылауды қолға алуының арқасында елордада қоғамдық орындарда қылмыс 44% төмендегені байқалады", - деді Даниял Айткенов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 4000 жалпы бейнебақылау камерасы, қиылыстарда 400 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені және желілік учаскелерде 300 камера орнатылып қосылған. Бұдан басқа, жалпы қалалық бейнебақылау жүйесіне СОО, қонақ үйлер, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардағы 3000 камера қосылған.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда "Қауіпсіз қала" жобасы іске асырылып жатыр. Оның аясында аулалар, әлеуметтік нысандар, саябақ аймақтары бейнебақылау камераларымен қамтылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109