644

Байқоңыр ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәріс өтті

Байқоңыр ауданы әкімдігінде «Парасаттылық мәдениетін дамыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде» тақырыбында дәріс өтті.

Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда парасаттылық, адалдық, өз әрекеттері мен мінез-құлқына жауапкершілік қағидаттарын, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді таратудың маңыздылығын түсінуге арналған.

Кездесуге қатысушылар парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеудің ұлттық негіздері, этикалық мәдениет деңгейінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен арақатынасы туралы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін жаңа әзірлемелермен танысты.

«Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен қоғамдық сананы өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасты қалыптастыру. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайы құрылуы тиіс», – делінген таратылған хабарламада.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109