6112

Нұр-Сұлтанда 8 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

«Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің 30-шы блогында қасбеттік жұмыс аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«8 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесулер барысында кезең-кезеңмен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда.

Қасбеттік бөлік бойынша жұмыстар аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істейміз. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жағалау-3» 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы ала алады.

Сонымен қатар, «Жағалау-3» 28 және 29 блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау – оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109