1217

Нур-Сұлтан карантин стационары 1400-ден астам әуе жолаушысын қабылдады

6 қазаннан бүгінге дейін «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационары 64 рейстен әуе жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

ПТР сынағынан өткені туралы анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының 1 437 азаматы карантин стационарына жатқызылды. Оның ішінде 2 жолаушы коронавирустық инфекцияның симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты және медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй жағдайындағы карантинге оқшауланды.

«Күн сайын карантин стационары мамандары 150-ден астам қажетті анықтамасы жоқ жолаушыны қабылдайды. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Коронавирустың алғашқы толқыны кезіндегі ахуал қайталануын ешқайсымыз қаламаймыз, сондықтан әріптестеріміздің ұтқырлығы мен кәсібилігі бұл жерде үлкен рөл атқарады», - деді басқарма басшысы Тимур Муратов.

Үстіміздегі жылдың 16 қазанында 5 халықаралық рейс қабылданды: 1 Германиядан, 1 - Египет, 2 - Түркия, 1 рейс Беларусьтен. Оның ішінде COVID-19 сынағын ПТР әдісімен тапсырғаны туралы анықтамамен - 453, анықтамасыз -120.

120 жолаушының барлығы карантин стационарына («Рамада Плаза» қонақ үйінде) оқшауланып, ПТР тестілеуі өткізілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109