3634

Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу уақыты ұзартылды

Демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесіне аграршыла, Магнум сауда желісі мен ҚР ет одағының мүшелері қатысады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қолайлы ауа-райы мен тұрғындардың сұранысын ескере отырып, жәрмеңкелерді өткізуді қазан айының соңына дейін жалғастыру туралы шешім қабылданды. Осы демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесіне аграршыларымыз, "айналым механизмі" жобасына қатысатын Магнум сауда желісі мен ҚР ет одағының мүшелері қатысады. Сонымен бірге жәрмеңкеге қатысуға өңірлердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ниет білдірді. Жәрмеңкеде тауарлар нарықтан төмен бағамен сатылады. Эпидемиялогиялық ахуал ескеріліп, барлық санитария ережелері сақталады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне өңірлер қатысқан кезде аграршылар елордаға 4 мың 300 тоннадан астам өнім әкелді. Жәрмеңкеге еліміздің барлық өңірлері қатысты. Әкімдер мен аграршыларға алғыс айтамын.

Жәрмеңкелерді өткізу - әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаны ұстап тұруға көмектесетін тетіктерінің бірі. Бағаны ұстап тұру үшін "айналым тетігі" жобасы жалғасын тапты. Әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін соманы 180 млн теңгеден 2,4 млрд теңгеге дейін ұлғайттық (13 есе ұлғайды). Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 16 түрінің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жобаға қатысушылар санын 4-тен 12-ге дейін кеңейттік. Олардың қатарына "Магнум", “Астықжан", “Small", “Вкусмарт", “Кенмарт", “А2", “Метро", “Анвар", “Рахмет", “Ақмол", “Артем", “Шапағат" жатады. Тұрақтандыру қоры құрылды", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109