4031

Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

17 және 18 қазан күндері «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Оған "Магнум" ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен.

«Жылқы еті мен қазының бағасы –  2 100 теңге. Бұл баға тұрғындарға қолжетімді деп ойлаймын. Біз ет өнімін Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым қашықтағы шаруашылықтан әкелеміз. Сатып жатқан өнімдеріміз көптің көңілінен шығады деген сенімдеміз», – деді саудагер Гауһар Жантыбаева. 

«Қыстың алдында осындай жәрмеңкелер жиі болып тұрады. Бұл қалтамызға өте қолайлы. Мысалы, картоптың келісін 110 теңгеден сатып алдым. Осындағы сауда дүкендеріне қарағанда мұндағы баға едәуір тиімді. Осындай жәрмеңке жиі болып тұрса біз тек қуанамыз», – деді қала тұрғыны Рустем Мыңасаров

Айта кетсек, жәрмеңкеде барлық карантин талаптары сақталған. Келесі жәрмеңке 24-25 қазанда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда өтетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109