3496

Нұр-Сұлтанда «Қан тапсыр – өмір сыйла» қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін елордада «Қан тапсыр – өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.

Шараны ұйымдастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы.

Достық үйінің алдына таңнан бастап елордалық этномәдени орталықтардың өкілдері мен қала тұрғындары қан тапсырды. Қан тапсыру үшін барлық көрсеткіштер дұрыс болуы қажет. Донорлар өзімен бірге жеке куәлік пен антисептик алып келуі қажет.

«Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулыққа ерекше көңіл бөлінеді. Ниет білдірушілер өздерінің әл-ауқаты туралы сұрақтары бар сауалнаманы толтыруы керек. Егер адам туберкулезбен, вирустық гепатитпен, безгекпен, бруцеллезбен немесе ревматизммен ауырса, оның қаны қабылданбайды. Жоғары немесе төмен артериялық қысым, эпилепсиялық құрысулар және өмірлік маңызды органдары ауыратын адамдар қан тапсыра алмайды", – дейді Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Ұйымдастырушылар акцияның бірінші рет өтпегенін атап өтті. Бірнеше сағат ішінде 30-ға жуық адам қан тапсырды. Донорлар қан тапсыру арқылы біреуге өмір сүруге мүмкіндік беретіндеріне сенімді.

«Бұндай қан тапсыру акциясына жыл сайын қатысамын. Жасым 59-да. Қан орталығынан құрылған арнайы топ мамандарының дәл жұмысымыздың алдына келіп, қызмет көрсетіп жатқандары бізге өте ыңғайлы болды», - деді Достық үйінің қыметкері Қанатбек Әмірбеков.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Акцияның негізгі мақсаты - донор болуды насихаттау, көп мөлшерде қан жинау.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109