5785

Елордада өзбек тілі күніне арналған дөңгелек үстел өтті 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Достық үйінде бауырлас өзбек халқының ана тілі күніне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Шараға Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикром Ниязходжаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Рахманберді, ҚХА Төрағасының орынбасары, Өзбек ЭМБ төрағасы Шерзод Пулатов және өзге де қоғамдық ұйымдар мен лингвист-ғалымдар қатысты.

«Бүгінде Қазақстан мемлекеті өзінің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан еңселі белестерді бағындырды. Әрі біртұтас ұлт ретінде кемел келешекке нық қадам басып келеді. Осының бәрінде баршаларыңыздың елеулі үлестеріңіз бар!  Өзбек тілінің бүгінгі айтулы мерекесі құтты болсын! Ішкі саясат басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы этно-мәдениет бірлестігінің тізгінін қолымызға алғанымызға бір айдан асар-аспас уақыт болса да, біраз этно-мәдени бірлестіктің жұмыстарымен танысып үлгердім. Бұндай іс-шаралар әлі алда да болады деп ойлаймын», - деді Талғат Рахманберді.

ҚХА Төрағасының орынбасары, Өзбек ЭМБ төрағасы Шерзод Пулатов дөңгелек үстелдің аясында талқыланған мәселелер болашақта өз нәтижесін беретінін жеткізді.

«Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түбі бір түркі елдері бір шаңырақтың астында айрандай ұйып отырмыз. Осындай бейбіт аспанымызда әрқашан бүгінгідей мереке күндері тойлана берсін. Елордамызда 23 этномәдени бірлестік бар. Солардың ішіндегі саны жағынан көбі де өзбек халқының бірлестігі. Яғни, өзбек тіліне деген құрмет екі елдің мызғымас достығының кепілі», - деді Шерзод Пулатов.

Ал Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік ғылымдар факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры Жамбыл Артықбаев Қазақстандағы өзбек халқы туралы кітап жазу барысында өзбек тілінің тарихы тереңде екенін зерттеген.

«Бүгінгі жиынға қатысып отырғанымыз халқымыздың ежелден келе жатқан мызғымас достығының арқасы. Елордамыз тек қана этникалық қазақтардың қаласы емес. Көп ұлтты Қазақстанды құраушы барлық этностың құтты ордасы. Соның ішінде, менің байқағаным астанаға өзбек халқының қоныстану деңгейі соңғы жылдары өскен. Жалпы өзбек тілі мен білетін ең бай тілдердің қатарында. Қаңлы, оғыз дәуірлерін де осы өзбек тілі арқылы зерттеуге болады», - деді Жамбыл Омарұлы.

Дөңгелек үстел барысында өзбек тілі күнімен Нұр-Сұлтан қаласы «Лингво Тен» Тіл орталығының директоры, полиглот Владислав Тен, ҚР МСМ «Қолжазбалар және сирек кітаптардың ұлттық орталығы» ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Камшат Паримбекова, KAZAKH TV халықаралық жаңалықтар бөлімінің өзбек редакциясы қызметкері Гульнора Жантураева және ҚР АҚДМ жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ инспекторы Максадбек Абдужаббаров құттықтады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109