5812

Нұр-Сұлтан қаласы шетіндегі қоғамдық кеңістік абаттандырылды

Тельман елді-мекенінде футбол алаңы мен балалар алаңы бар үлкен аула алаңы пайда болды. Күн салқындағаннан бастап қоғамдық кеңістік кеңейтіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

“Тельман елді-мекенінің тұрғындары кездесу барысында ауданда абаттандырылған аулалардың жоқ екендігін айтты. Биыл футболға арналған алаң мен балалар алаңқайы бар үлкен алаң салынды. Қоғамдық кеңістіктің аумағын кеңейтіп, конькимен сырғанау үшін мұз алаңын ашамыз.

Бұл жоба "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Мұндай алаңдар Потанин, Жүргенов және Кравцов көшелерінде де ашылды. Қала бойынша барлығы 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Олардың көбі шеткері аймақтарда, оң жағалауда, сүрілген апатты үйлердің орнында салынды.

Бүгін Тельман елді-мекенінің тұрғындарымен ауданның одан әрі дамуы талқыланды. Жыл соңына дейін бұл елді-мекенде тазарту құрылыстары мен магистральдық коллектор салу жұмыстарын аяқтаймыз. Қуаттылығы тәулігіне 36 мың текше метрден асады. Бұл осы елді-мекенді ғана емес, сонымен қатар № 27 көшенің бойындағы перспективалы құрылыс аймағын және т.б. қамтитын жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың қалаға өту жолын айтарлықтай қысқарту үшін Nova city ауданында жол құрылысын жүргізіп жатырмыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді-мекендерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз”, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109