4727

Нұр-Сұлтанда бірыңғай тұрғын үй орталығы ашылды

Қала тұрғындары үшін тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Нұр-Сұлтанда тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды! (Республика даңғылы, 32). Бұл орталықта тұрғын үйге кезекке тұру, кезек нөмірін тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, тұрғын үй сертификатын алу, кредиттік/жалға берілетін пәтерлер бойынша және т. б. мәселелерге қатысты кеңес алуға болады.

Бұл орталық қала тұрғындары үшін ыңғайлы, себебі олар тұрғын үй мәселелері бойынша қаланың әр ауданында орналасқан инстанцияларға бармай-ақ бір жерден кеңес ала алады.

Орталықта тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшілері де жұмыс атқарады. Бөлінген аумақтың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден асады, қызметтерді арнайы мамандар көрсетеді. Күн сайын орталық 300-ден астам қала тұрғынын қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе артты.

Мұндай орталықтардың ашылуы жұмысты жүйелендіруге және "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдың жазында "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы ашылды, онда мамандар қала тұрғындарына әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді. Осы уақыт ішінде орталыққа 40 мыңға жуық адам жүгініп, көмек алды", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109